Пәкістанда фургон су арнасына құлап, 11 адам қаза тапты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Пәкістанның шығысында фургонның су арнасына құлап түсуі салдарынан 11 адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Ішінде 11 жолаушы болған фургон шығыстағы Пенджаб провинциясындағы каналда суға батып кетті. Қаза тапқандардың арасында жеті бала, үш әйел және бір ер адам болған, олардың барлығы бір отбасы мүшелері.

Куәгерлердің хабарлауынша, апат жүргізушінің көлікті басқара алмай қалуынан орын алған.


Соңғы жаңалықтар