Пәкістанда көшкін салдарынан мерт болғандар саны 35-ке жетті

None
None
МУЗАФАРАБАД. КВЕТТА-ҚазАқпарат – Пәкістанда тоқтаусыз жауған жауын салдарынан болған көшкін, кем дегенде 21 адамның өмірін қиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Dawn» газетіне сілтеме жасап.

Елде жексенбіден бері тоқтаусыз жаңбыр жауып жатыр. 20 өлімнің 11-і Кашмирде, жетеуі - Пенджабу және үшеуі Белуджистанда тіркелді. Елдің үлкен провинциясында табиғат апаты салдарынан 14 адам мерт болды.

Жалпы маусым кезінде қатты нөсерден опат болғандар саны 35-ке жетті.

Нөсер салдарынан Азад Джамму және Кашмир, Гилгит-Балтистан, Малаканд және Хазара аудандарында көшкін жүріп, негізгі жолдар мен автомагистральдар, Қарақорым тасжолы жабылды.


Соңғы жаңалықтар