Пәкістанда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

None
None
КАРАЧИ. ҚазАқпарат – Pakistan International Airlines (PIA) жолаушылар ұшағы бүгін, 22 мамырда Карачи қаласына жақын маңда апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Dispatch News Desk (DND) басылымына сілтеме жасап.

DND мәлімет бойынша, ұшақ бортында 95 жолаушы болған. Агенттік экипаж мүшелерінің саны туралы мәлімет бермеген.

Жолаушылар ұшағы Пәкістанда үлкендігі бойынша екінші саналатын Лахор қаласынан Синд провинциясының орталығы Карачиге бағыт алған.

Джинна халықаралық әуежайына қонуға аз қалғанда ұшақ құлады. Болжам бойынша апатқа техникалық ақау себеп.

Дереккөздерге сілтеме жасаған DND, ұшақтың тұрғын үй аумағына құлағанын мәлім етті. Ұшақтың құлауы салдарынан бірнеше үйге зақым келген.

Пәкістан әскері оқиға орнына жетті.


Соңғы жаңалықтар