Пәкістандағы жарылыс: 3 адам қаза тауып, 15-і зардап шекті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сәрсенбі күні Пәкістанның Карачи қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдің ғимаратында болған жарылыс салдарынан кем дегенде үш адам қаза тауып, 15 адам зардап шекті. Бұл туралы ҚазАқпарат Doon газетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Басылым мәліметінше, ғимарат қатты бүлінген, сондай-ақ жақын маңда орналасқан үйлер мен көліктердің терезелері сынған. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.

Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, газ баллоны жарылған болуы мүмкін. Мамандар оқиға орнында келеңсіз жағдайдың себеп-салдарын анықтап жатыр.


Соңғы жаңалықтар