Панфилов ауданының әкімдігі мектепке әжетхана салу үшін ақша жинағандардың әрекетіне түсінік берді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы Панфилов ауданының әкімдігі мектепке әжетхана салу үшін ақша жинағандардың әрекетіне түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желіде мектептің ішіне әжетхана салу үшін тұрғындардан қаражат жиналып жатқандығы жөнінде жарияланды.

«Мынау не сұмдық? Мектепке кафельді халыққа ақша жинатып салдыруда. Сонда бұған ақша бөлінбейді ме? Президенттің тапсырмасымен қазір барлық жерде мектеп дәретханасы іште орнатылуы керек. Тексерулеріңізді сұраймыз»,- деп жазылған.

Видеода мектеп ғимаратының ішіне салынып жатқан дәретхана көрсетілген. Ол бастауыш сыныптарға арналғаны және кафельге ақша жетпей жатқаны да жазылған. Тұрғындардан ақшалай көмек сұралып, Kaspi банк карточкасына ақша аудару үшін телефон номері берілген.

«Мектеп екі корпустан тұрады. Бір корпусында ғана ішкі әжетхана бар. Екінші корпуста әжетхана жоқ. Ата-аналар өз бастамаларымен ішке әжетхана салғызып жатыр. Қаржы жетпей ата-аналар демеуші іздеген. Қазір құрылыс жұмысы 90 пайыз аяқталған. Өздері аяқтайтынын айтуда»,- делінген Панфилов ауданы әкімінің баспасөз қызметінің ҚазАқпарат тілшісіне берген жауабында.



Соңғы жаңалықтар