Парламент Мәжілісі нақтыланған бюджет шығыстарын талқылайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісі «2021 - 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша талқылауды бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аталған заң жобасы 2021-2025 жылдарға арналған макроэкомикалық көрсеткіштер болжамының нақтылануына байланысты әзірленген. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмалары мен «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы іс-шараларының іске асырылуын қамтамасыз етуге бағытталған. Қаржы және бюджет комитеті осы заң жобасы бойынша 2021 жылғы 2 маусымға дейін қорытынды әзірлеуге дайын», - деді Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы, депутат Марат Құсайынов.

Айта кетейік , жақында ҚР Үкіметі елді әлеуметтік-экономикалық дамытудың нақтыланған болжамын мақұлдады.

Үкімет Әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021 жылға арналған болжамының көрсеткіштері мен индикаторларын қайта қарады. Мысалы, 2021 жылы жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі – 3,1 пайыз деңгейінде, мұнай бағасы – бір баррель үшін 50 доллар деңгейінде, ұлттық валюта бағамы бір доллар үшін 425 теңге деңгейінде болжанып отыр.


Соңғы жаңалықтар