Партия атауының өзгеруін жақсылыққа жорыдық – Мақпал Мыса

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қаңтар оқиғасында бейбіт жолмен талап қойған көпшіліктің арасында партия мүшелері көп болды. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мақпал Мыса ребрендинг жасалған «Nur Otan» партиясының кезектен тыс съезіне орай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы уақытта халық пен мемлекет ара-қатынасы түрлі дәрежедегі эмоция тудырып отырған мәселенің өзектісі болды. Партия ең әуелі елдің мүддесіне қызмет етуі керек. Қаңтар оқиғасында бейбіт жолмен талап қойған көпшіліктің ішінде де партия мүшелері көп болды. Егер ел мүддесі мен көпшіліктің пікірі солай болса, мемлекеттігімізге тиімді қызмет ету үшін партияның құрылымы мен ұстанымын қайта қарауға дайынбыз деген едік», - деп жазды Мақпал Мыса Facebook-тегі парақшасында.

Сонымен қатар, ол партия атауының «Amanat» болып өзгеруін жақсылыққа жорығанын жеткізді.

«Сол сәт туды. Партия атауының өзгеруін жақсылыққа жорыдық. Халықтың Аманаты болсын!»,- деп атап өтті депутат.

Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының кезектен тыс съезі өтті. Оның нәтижесі бойынша партия атауы «Amanat» болып өзгерді.


Соңғы жаңалықтар