Павлодар әкімдігі әлеуметтік дүкендердегі бағаларды тексерді

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Әкімдік Павлодардағы әлеуметтік дүкендердің бағасын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Павлодар қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметкерлері Павлодар облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы мен Тұрақтандыру қорын басқару департаментінің өкілдерімен бірлесіп, Жаңа жыл қарсаңында әлеуметтік маңызы зор тауарлардың бағаларын тұрақтандыру мақсатында арнайы мониторинг жүргізді.

«Бүгінгі таңда тұрақтандыру қоры арқылы бірінші сұрыпты ұннан дайындалған нан әлеуметтік және бөлшек сауда дүкендеріне 75 теңгеден жеткізілуде. Бұған қоса тауық жұмыртқасының бір данасы 26 теңгеден саудалана бастады»,-деп хабарлады Павлодар облысы әкімдігінің өкілдері.

Жұмыс тобының өкілдері бағамен байланысты жағдаймен танысты.

Әлеуметтік маңызы зор тауарларды сататын дүкендерді аралау барысында сауда өкілдеріне тұрақтандыру қорындағы азық-түліктің жағдайы туралы айтылды.

«Рейд шараларының барысында заңбұзушылықтар анықталған жоқ. Әлеуметтік маңызы зор тауарлардың бағасы жергілікті атқарушы органдардың жіті бақылауында»,-деді әкімдік өкілдері.

Антон Гагарин

Соңғы жаңалықтар