Павлодар құрылыс бөлімінің басшысы мен орынбасары күдікке ілінді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Павлодар облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Павлодар қаласы Құрылыс бөлімінің басшысы мен оның орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұл туралы AntikorNews бағдарламасында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Олар кәсіпкерден оған жалпы қамқорлық көрсеткені және оның компаниясына мемлекеттік сатып алу шарты бойынша орындалған жұмыстар актілеріне қол қоюға көмектескені үшін жалпы сомасы 150 мың теңге пара алды деп күдіктелуде», - дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірінші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Сондай-ақ, Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Жамбыл облысы әкімдігінің Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бөлімдерінің біріндегі басшысы тарапынан алаяқтық фактісін анықтады.

«Аталған тұлға аталған басқарманың құрылымдық бөлімшесінің қызметкеріне қатысты алаяқтық жасады деп күдіктелуде. Ол 2019 жылғы қарашада жоғары лауазымға тағайындауға жәрдем көрсету сылтауымен 400 мың теңге мөлшерінде қаражатын алдап алған», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар