+7 (701) 759 90 19
USD 375.87 EUR 406.24
RUB 5.84 CNY 53.45
Jańalyqtar

Павлодар облысында 19 адам жолда қалып қойған

2020 жылғы 18 қаңтар 14:22
Бөлісіңіз:
Павлодар облысында 19 адам жолда қалып қойған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Павлодар облысының Шиқылдақ-Бозшакөл айналма жолында қар құрсауында қалған 19 жолаушы құтқарылды. Бұл жайында «ҚазАвтоЖол» компаниясының Telegram-дағы ақпаратында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағандыдан Омбы бағытында сағат 18:00-де жолға шыққан автобус табиғаттың тосын мінезіне төтеп бере алмай, жол бойында қалған. Қалың қармен қоса, боран салдарынан алдағы жол көрінбей, жағдай ушыға түскен. Осындай жағдайда жолаушылар мен жүргізуші жол қызметкерлерін күтуге мәжбүр болды. Арнайы техника арқылы жолаушыларды тасымалдайтын автобус Қарағанды тасжолына дейін жеткізілді.

Компания мәліметінше, республикалық маңызы бар автожолдарда 818 техника жұмыс жасап жатыр.

«ҚазАвтоЖол» ҰК« АҚ жүргізушілерге жол ережесін сақтау, рұқсат етілген жылдамдықты асырмау, қауіпсіз қашықтықты сақтау қажеттілігі туралы ескертеді. Сонымен қатар, сапарға тек қысқы дөңгелектермен шығуға кеңес береді. Барлық сұрақтарыңыз бойынша 1403 нөміріндегі байланыс орталығына хабарласуларыңызға болады», - делінген компания ақпаратында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Павлодар облысы, Оқиға,
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT