+7 (701) 759 90 19
USD 386.19 EUR 427.71
RUB 6.07 CNY 54.87
Jańalyqtar

Павлодар облысында 236 этникалық қазақ ҚР азаматтығын алды

2019 жылғы 19 қараша 16:25
Бөлісіңіз:
Павлодар облысында 236 этникалық қазақ ҚР азаматтығын алды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - 2019 жылдың наурыз айынан бастап өзге мемлекеттерден өңірге қоныс аударған 236 этникалық қазақ ҚР азаматтығын алған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Ұқсас жаңалықтар
Шәріп Сәйпіғалиұлы «Моңғол еліне еңбек сіңірген қайраткер» атағымен марапатталды «Омбы қазақтары» мектептерге қазақ тілі пәнін қайтаруға талпынып жатыр Шетелдегі қазақтарды қолдаудың кешенді шаралары талқыланды

Облыстық полиция департаменті көші-қон қызметі азаматтық және көші-қон тобының аға инспекторы Гүлстан Баталованың айтуынша, ведомствода 18 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

«Оның ішінде шет ел азаматтары Қазақстан Республикасында тұрақты тұру, құжаттарды тіркеу және Қазақстанның азаматтығын алу жөнінде өтінішпен жүгінеді, - дейді Гүлстан Баталова.

«Биыл жыл басынан бері 1000-ға жуық шет ел азаматына Қазақстанда тұрақты тұру үшін рұқсат берілді. Олардың басым бөлігі 31 желтоқсанға дейін өтетін «Мерзімі өтіп кеткен оралман мәртебесін ұзарту» акциясы аясында ҚР азаматтығын алып үлгерді. Оған бір кездері оралман мәртебесін алған, бірақ белгілі бір себептермен азаматтықты рәсімдей алмаған және осылайша оралман мәртебесі мерзімі өтіп кеткен этникалық қазақтар кіреді».

Айта кетер жайт, жоғарыда аталған азаматтар қаладағы Астана көшесі, 59 мекенжайы бойынша оралман мәртебесін ұзартып, ҚР азаматтарын қабылдауға құжаттарын ішкі істер органдарына және көші-қон қызметіне тапсыра алады. ҚР келетін шет ел азаматтарының материалдары «В 8» категориясы бойынша қабылданса, этникалық қазақтар кез келген виза бойынша тұрақты тұруға тапсыра алады. Құжаттар тізімі ҚР ІІМ-мен бекітілген. Материалдарды қарау мерзімі – 60 күнтізбелік күн. Қызмет көрсету – тегін«.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT