Павлодар облысында 33 жастағы әйел жол апатынан қаза тапты

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Сағат 12:30-да Павлодар облысының «Қалқаман-Керней» күре жолының 89-шы шақырымында «Volkswagen» және «Lada Largus» көліктері соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жол-көлік апаты салдарынан «Volkswagen» көлігінің ішінде отырған 33 жастағы жолаушы алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында қаза тапты, ал оның 14 жастағы баласы жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде. Тексеріс жүргізіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар