Павлодар облысында 6,5 млрд теңгенің жалған шот-фактурасын жасағандар сотталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің қызметкерлері шот-фактураларды заңсыз жазып беру фактілерінің жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тергеу барысында азаматтар В.Р. Легин мен С. А. Рыжаков жалған тұлғаларға ресімделген 13 компания құрғандығы анықталды, содан кейін материалдық пайда табу мақсатында 2019 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі кезеңде осы компаниялардың атынан бірқатар заңды тұлғаларға жалпы сомасы 6,5 млрд теңгеге жалған шот-фактуралар жазып берілді.

В.Р. Легин мен С.А. Рыжаковтың қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде мемлекетке төленбеген салық түрінде 2 млрд. теңгеден астам сомаға залал келтірілді.

«Сот екеуін де кінәлі деп тауып, Легин Вильгельм Робертович пен Рыжаков Сергей Александровичті 2 жыл 9 айға бас бостандығынан айырып, Легиннен 13 млн теңгеден астам ақша тәркілеу туралы үкім шығарды»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар