Павлодар облысында 90 жастағы қарияға вакцина салынды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Дәрігерлер тобы Железин ауданына тұратын 90 жастағы қарияның үйіне барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 90 жастағы Леонид Мельникті коронавирусқа қарсы екпе алуға ешкім мәжбүрлемеген.
- Дәрігерлер егде адамға вакцинадан кейін қандай белгілер болуы мүмкін екенін және оны қалай бақылайтынын түсіндірді. Тыл еңбеккері вакцина салуға бірден келісті. Леонид Мельник COVID-19-қа қарсы вакцинаны жақсы қабылдады, - дейді басқармада.

Медицина қызметкерлерінің айтуынша, вакцинадан кейінгі екінші күні науқастың дене қызуы 37,2-ге дейін көтеріліп, кейін қалыпты жағдайға келген.
Қазір ардагердің жағдайы жақсы.
Еске сала кетейік, павлодарлықтар вакцина алу үшін өздеріне ыңғайлы орынды таңдай алады: ауруханада немесе қоғамдық орындардағы жылжымалы ауруханаларда екпе алуларына болады.
Аймақтық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, жалпы Павлодар облысында COVID-19-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентін 49 912 адам, екінші компонентін 13 637 адам алған.
Павлодар облысы коронавирустық инфекция бойынша «қызыл» аймақта. Бүгіннен бастап облыста карантин күшейтілді.


Соңғы жаңалықтар