Павлодар облысында демалыс күндері қоғамдық көлік жүрмейді

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысы аумағында 11 және 12 шілдеде карантин күшейтіледі, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Павлодар облысының бас санитарлық дәрігері Батырбек Әлиевтің қаулысы жарияланды.

Осы құжатқа сәйкес, демалыс күндері 11 және 12 шілдеде қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылады: автобустар, трамвайлар және маршруттар, сондай-ақ серуендеу өзен көлігі.

Қаулы 11 маусымда сағат 00-де күшіне енеді.

Соңғы жаңалықтар