Павлодар облысында көлік аударылып, жүргізуші ажал құшты

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат -Қайғылы оқиға Железин ауданы Жаңа жұлдыз ауылы маңында орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

- 9 қараша күні сағат 00.20-да Башмачное – Озерное автожолының 118 шақырымында «ВАЗ-21015» автокөлігінің 22 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, аударылып кеткен, - дейді облыстық полиция департаментінде.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тексеру жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар