+7 (701) 759 90 19
USD 432.01 EUR 518.67
RUB 5.61 CNY 66.48
Jańalyqtar

Павлодар облысында «Көрпе Fest» этнофестиваліне қатысушылар үшін онлайн дауыс беру басталды

2021 жылғы 17 ақпан 16:51
Бөлісіңіз:
Павлодар облысында «Көрпе Fest» этнофестиваліне қатысушылар үшін онлайн дауыс беру басталды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысында «Көрпе Fest» мега этнофестивальге қатысушылар бұйымдары үшін онлайн дауыс беру басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында «Бастау бизнес» жобасы бойынша 3 650 тұрғын оқытылады Кәсіпкерлер «Ashyq» қосымшасына қалай тіркеле алады СҚО-да фермер әйел асыл тұқымды ешкі өсіріп жатыр

Аймақтағы онлайн байқауға 5-70 жас аралығындағы 211 адам тіркелген, оның 50-і бала. Байқауға қызығушылық танытып, шеберлік сабақтарына қатысып жатқандардың жалпы саны 400-ге жуықтады.

Өңірде қолөнер фестивалі 2020 жылдың 23 қарашасында онлайн форматта басталған болатын. Қатысушылар екі айдан астам уақыт бойы кәсіби шеберлік сабақтарын тегін алып, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.

«Көрпе Fest» мега этнофестивалінің негізін қалаушы Ырза Тұрсынзаданың айтуынша, бұл – салт-дәстүрді кәсіпке айналдырып, нәсібін табамын деген нәзік жандылар үшін пандемия кезінде жасалған ауқымды қолдау.

«Карантин кезінде жұмыссыз қалып, нәпәқасынан айрылған адамдар көп. Осы кезде бірінші мақсат – оларды барынша демеу, екінші мақсат – үйдің ұйытқысы ғана емес, елге үлгі болатын қырық жанды қазақ әйелінің болмысын жаңғырту. Қазақ барда бұл кәсіп – мәңгілік», - дейді белгілі этнодизайнер Ырза Тұрсынзада.

Сонымен қатар, ол павлодарлық нәзік жандылардың салтқа беріктігін аңғарғандығын атап өтті.

«Бәрі Павлодар облысында ұлттық байқау өткізу қиын болады деген болатын. Алайда, павлодарлық әйелдер бәрінен озды. Өйткені, салт-дәстүрді жақсы сақтаған», - дейді ол.

«Көрпе Fest» фестивалі Павлодар аймағында алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

«Осы шараны ойлап тапқан Ырза апамыз бен оның бастамасын қолдаған облыс әкіміне алғысымыз шексіз. Себебі, біз өңірде ұлттық қолөнерге қызығушылығы бар әйелдердің осынша көп болатынын білмеппіз. Осы конкурс арқылы біз басымызды біріктіріп үлкен бір «отбасына» айналдық»,-дейді Уәсилә Нұрмұханбетова.

Айта кетейік, байқау төмендегі бес номинация бойынша жарияланды.

- « Шебердің инесі де – алтын, күймесі де – алтын!» Қазақы нақыштағы интерьер үлгісі

- «Көрпе вернисажы» (4 көрпе, 4 жастық)

- «Ұлттық сый кәде» онлайн шеберлік сабақтар нәтижесінде жасалған бұйымдар

- «Атаның кәсібі – баланың нәсібі» 5 жастан 16 жасқа дейінгі болашақ шеберлер байқауы.

Байқау соңында барлық қатысушыларға жалпы сертификаттар беріледі. Ал, жеңімпаздарға Ырза Тұрсынзаданың жеке кәсіби шеберлік курсынан өткені туралы арнайы сертификат, тұрмыстық және өндірістік тігін машиналары, сонымен қатар авторлық дизайнмен көмкерілген 25 метрлік шапанға арналған кездемелер табысталады.

Павлодар өңіріндегі «Көрпе Fest» мега этнофестивалінің қорытындысы 22 наурызда өтетін салтанатты шарада жарияланады.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT