Павлодар облысында қыздар мінген көлік қар құрсауында қалған

None
None
ПАВЛОДАР. ҚАЗАҚПАРАТ. – Шарбақты ауданында полиция қардың астында қалған автокөлікті шығарып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«13 ақпан күні біз демалысты Шалдай ауылында құрбымыздың үйінде өткіземіз деп шештік. Сонда бара жатқанда көлік жолдан шығып кетіп, қарға тұрып қалдық. Көлікті омбы қардан шығару мүмкін емес еді. Біз өзіміз тырыссақ та, қолымыздан ештеңе келмеді. Осы кезде бізге қасымыздан өтіп бара жатқан полиция қызметкерлері көмекке келді. Көлігімізді алып шыққан Қанат Исанов пен Арман Мұқановқа алғыс айтамыз», - деп жазды көлікте болған қыздар әлеуметтік желіге.

Олардың айтуынша, Шарбақты ауданының полицейлері оларға қиын сәтте қол ұшын созған. Аудандық полиция бөлім бастығының орынбасары Арман Мұқанов учаскелік инспектор Қанат Исановпен бірге трассаны «Такси» жедел-алдын алу шарасы барысында торуылдап жүрген.

«Бір көліктің жолдан шығып кеткендігін байқадық. Жақындаған кезде көлікті шығара алмай жатқан қыздарды көрдік. Қар құрсауында қалған көлікті арқан арқылы өз көлігімізге тіркеп, жолға шығардық», - деді А. Мұқанов.


Соңғы жаңалықтар