Павлодар облысында мас күйінде көлік жүргізген ауыл әкімі жұмыстан қуылды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысы Май ауданы Ақжар ауылының әкімі қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында облыс әкімдігінің баспасөз қызметі Telegram парақшасында мәлімет таратты.

«Серік Құсайынов 2020 жылғы 9 қарашада Май ауданы Ақжар ауылының әкімі қызметінен босатылды» делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Ақжар ауылының әкімі осыдан бір ай бұрын 15 тәулікке қамалған болатын. Серік Құсайынов 10 қазан, сенбі күні Шығыс Қазақстанның Курчатов қаласында әкімдікке тиесілі қызмет көлігін мас күйінде жүргізіп келе жатқанда ұсталған.

Сонымен қатар шенеунікте көлікті басқару құқығын беретін құжаттар болмаған.

Сол күні полиция ауыл әкіміне қатысты Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 608-бабының бірінші бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды.


Соңғы жаңалықтар