+7 (701) 759 90 19
USD 432.21 EUR 520.38
RUB 5.67 CNY 66.59
Jańalyqtar

Павлодар облысында өрт сөндіру кезінде ТЖМ қызметкері қаза тапты

2021 жылғы 25 ақпан 16:39
Бөлісіңіз:
Павлодар облысында өрт сөндіру кезінде ТЖМ қызметкері қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Павлодар облысы Ақсу қаласының Ақсу шағын ауданында өрт сөндіруші қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты, деп хабарлайды ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

«2021 жылдың 25 ақпанында сағат 7:46-да Павлодар облысы Ақсу қаласының Ақсу шағын ауданында өрт орын алғандығы туралы хабарлама түсті. Төрт бөлмелі тұрғын үйде жалпы ауданы 80 шаршы метр өрт шарпыған. Өрт сағат 10.16-да оқшауланды, сағат 11.00-де толығымен сөндірілген. Өрт сөндірушілер қызыл жалынмен күресіп жатқанда 1997 жылы туған Ақсу қаласы № 12 өрт сөндіру бекеті бөлімшесінің командирі, азаматтық қорғау сержанты Арыстанбек Машраптың жағдайы нашарлаған» делінген хабарламада.

Мәліметке сай, ол Ақсу ауылдық дәрігерлік амбулаториясына ес-түссіз күйде жеткізілген. Кейін дәргерлер оның қайтыс болғандығын хабарлады. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

«Сонымен қатар 1995 жылы туған № 12 өрт сөндіру бекеті бөлімшесінің командирі азаматтық қорғау кіші сержанты Ермек Тұрлыбеков ауруханаға жеткізіліп, Павлодар қаласының ауруханасына жатқызылды. Қайтыс болған Арыстанбек Машрап азаматтық қорғау органдарында 2018 жылдан бастап қызмет атқарды. Павлодар қаласының тумасы, үйленген» деп мәлімдеді ведомстводан.

ҚР ТЖ министрлігінің ұжымы өрт сөндірушінің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты марқұмның жақындары мен туыстарына көңіл айтады.

Айта кетейік, 1991-2021 жылдары аралығында қызметтік міндеттерін орындау кезінде азаматтық қорғау органдарының 53 қызметкері қайтыс болған.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT