Павлодар облысында жеті адам көлік апатынан зардап шекті

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар жанындағы Кенжекөл және Байдала ауылдарының арасында жөл-көлік апаты болды. Апат салдарынан бес ересек адам және екі бала зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жедел жәрдем қызметінің үш машинасы апат болған жерге төрт минутта жетті. Зардап шеккендер бірінші қалалық ауруханаға жеткізілді.

«Үш автокөлік соқтығысынан жеті адам зардап шекті. Жол-көлік оқиғасы Кенжекөл және Байдалы ауылдарының арасында болды», - деп облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі хабарлады.

Дәрігерлердің мәлімдеуінше, 103 қызметінің үш медициналық бригадасы бірінші жеделділік санаты бойынша оқиға болған жерге төрт минутта жеткен. Соқтығысқан көліктер ішінде болған жеті жолаушы әртүрлі жарақатпен №1 Павлодар қалалық ауруханасына жеткізілді.

«Олар 1980, 1989 және 1990 жылдары туған үш ер адам, 1987 және 1989 жылғы екі әйел адам, олармен бірге 2008 және 2010 жылғы екі бала», - деп мәлімдеді жедел жәрдемнің баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар