Павлодар облысының 45 жастағы тұрғыны түрмеге есірткі тасымалдап келген

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Есірткі сатқан күдікті Екібастұздағы уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті мен Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жедел қызмет қызметкерлері Павлодар облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп марихуана жеткізушілердің жолын кесті», – деп хабарлады Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.

Павлодар облысының Шідерті кентінде орналасқан қауіпсіздігі ең төмен АП-162/10 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандарға есірткі сатты деген күдікпен 45 жастағы азамат ұсталған.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы бірінші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті Екібастұз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп толықтырды Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің аға жедел уәкілі Арман Қалықов.


Соңғы жаңалықтар