Jańalyqtar
Павлодар облысының әкімі көмір бағасы туралы: 18 мың теңге ақылға сыймайды
2020 жылғы 14 ақпан 13:29
Бөлісіңіз:

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов өңірдегі көмір бағасын төмендету үшін атқарылатын жұмыстарды атады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Ұқсас жаңалықтар
«Еліміздегі көмірдің үштен бір бөлігі бізде өндірілгенімен халыққа 18 мың теңгеге сатылатыны ақылға қонымсыз. Бұл жағдайды өзгерту үшін тұрғындарға көмір жеткізу схемасы мен логистиканы оңтайландырамыз. Павлодар облысы тұрғындары үшін көмір бағасының оптималды деңгейге дейін түсуін талап етеміз»,- деді халық алдында есеп берген Әбілқайыр Сқақов.
Өңір басшысы еліміздегі көмірдің 60 пайызы Екібастұзда өндірілетінін атап өтті.
«Павлодар облысының ерекшелігі неде? Елдегі саз балшық пен алюминийдің 100 пайызы біздің аймақта өндіріледі. Ферроқорытпа өндірісінің 62 пайызы – Ақсуда, сондай-ақ электр энергиясының 42 пайызы бізде өндіріледі. Бұл - өте зор мүмкіндіктер. Біздің міндетіміз - осы жетістіктерді сақтау. Мен осы өңірде туып-өскен азамат ретінде облысымызды өркендетуге бар күш-жігерімді саламын», - деді облыс әкімі. Пікір қалдыру
Сондай-ақ... оқыңыз
- Коронавирустың өршуі: Алматыда санитарлық шаралар күшейтілді
- Электр энергиясын ысырап еткені үшін «Астана АЭК» басшылығы сотталды
- Қазақстанның Тұңғыш Президенті астана әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
- Ақмолада әкім орынбасары мен бөлім бастығы жер телімі үшін кәсіпкерден пара сұраған
-
Жемқорлыққа қатысты Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары ең ұзақ мерзімге сотталды
-
Павлодар облысының Ақсу қаласына жаңа әкім тағайындалды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам
ONLAIN QYZMETKERLER