Павлодар облысының мәдениет басқармасына жаңа басшы тағайындалды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Самал Бегалинова Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында облыс әкімінің баспасөз қызметі Telegram парақшасында мәлім етті.

Самал Бегалинова 1984 жылы Баянауыл ауданында туған.

2006 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын «Ағылшын тілі мұғалімі», 2017 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің магистратурасын «Әлеуметтік білім» мамандығы бойынша тәмамдады.

Колледжді тәмамдаған соң, 2003 жылы еңбек жолын Баянауыл ауданы Ақсан ауылындағы орта мектепте шет тілі мұғалімі болып бастады. 2005 жылдан 2006 жылға дейін Павлодар ауданының «Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің» директоры болып жұмыс істеді.

2006-2009 жылдары Самал Бегалинова Павлодар ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекші маманы, бас маманы болды. 2009-2013 жылдары Павлодар облысы мәдениет басқармасының бас маманы, бөлім басшысы лауазымдарын атқарды.

2013-2015 жылдары Павлодар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімін басқарды. 2015-2016 жылдары Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы болды.

2016 жылғы желтоқсаннан қазіргі тағайындауға дейін Самал Бегалинова Павлодар қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы болып қызмет жасаған.


Соңғы жаңалықтар