Павлодарда 13 жасар жасөспірімді көлік қақты

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – 13 жасар бала арнайы белгіленбеген жерден жолды кесіп өткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Келеңсіз жағдай Павлодардағы Толстой көшесі, 82 мекенжайы бойында болған. LADA Largus автокөлігі 13 жастағы жасөспірімді қағып кеткен.
Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, те ксеру жүргізіліп, сараптама тағайындалған. 2007 жылы туған жаяу жүргінші жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Жүргізуші 1963 жылы туған азамат. Куәландыру бойынша мас болмаған.

Көлік процессуалдық шешім қабылданғанға дейін айыппұл тұрағына қойылды.
- Ұл бала иық және сан жарақаттарымен облыстық балалар ауруханасының жарақат пунктіне жеткізілді, - дейді өңірлік денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар