Павлодарда 49 жастағы әйел 8-қабаттан секіріп, мерт болды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысының тұрғыны 8-қабаттан секіріп, өз-өзіне қол салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиғаға қатысты Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді.

«Павлодар қаласында осы жылдың 5 қазанында сағат 07:13-те, Бектұров көшесі 50/1 үйде орналасқан дүкеннің күнқағарында 1972 жылы туған әйелдің мәйіті табылды. Ол 8-қабаттағы балконнан секіріп, өз-өзіне қол салған», - деді полициядан.

Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК-нің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптамалар тағайындалды.


Соңғы жаңалықтар