Павлодарда 64 жастағы әйел лифт шахтасына құлап мерт болды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Көпқабатты үйге жақын арада ғана көшіп келген үйдің тұрғыны осындай қайғылы жағдайға ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жедел жәрдем стансасына, 103 желісіне Бектұров, 109 мекенжайындағы лифт шахтасына әйел адамның құлап кеткені туралы қоңырау келіп түскен. Жедел түрде бірінші санат бойынша шокқа қарсы бригада шықты. Дәрігерлер келген кезде 1955 жылы туған әйел қайтыс болып кеткен еді», - деп хабарлады Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, әйел адам лифт шахтасына құлап көз жұмған. Марқұм бұл үйге жақында ғана көшіп келген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына санаулы минуттарда барған.

«Қоңырау 15:36-да түскен, оқиға орнына 15:39-да жеткен», - деп нақтылады басқарма.

Павлодар облысының полиция департаменті оқиға орнында тергеу жедел тобы жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

«Полицейлер оқиға себептерін анықтап жатыр », - делінген ведомствода.

Соңғы жаңалықтар