Павлодарда әйел адамды үш баласымен бірге өлтіріп кеткен

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодарда әйел адамды үш баласымен бірге өлтіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тоғызыншы қарашада сағат 12:00-де полицияға Айманов көшесі, 2-үйдегі пәтерден төрт адамның мәйіті табылғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы үйге келген пәтер иесі есікті аша алмағанын анықтады, өйткені есік ішінен жабылып қалған. Есікті көршілерінен шарқайрақ сұрап алып ашқан», - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі журналистерге.

Тәртіп сақшыларының ақпараты бойынша, ол пәтерге кірген кезде бөлмелердің бірінде зорлық-зомбылық белгілері бар жұбайының және үш баласының (2013, 2015 және 2017 жылдары туған) мәйітін тапқан. Содан соң полиция шақырған.

«Аталған факті бойынша 99-баптың үшінші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сараптама тағайындалды», - деді Павлодар облысы полиция департаменті басшысының орынбасары Елдар Әбдікенов.


Соңғы жаңалықтар