Павлодарда дәрі-дәрмектерді әлеуметтік желілер мен дүкенде сатқан тұрғындар анықталды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Полицейлер дәрі-дәрмектерді заңсыз сатудың 8 фактісін анықтады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Дәрі-дәрмектерді заңсыз сатуды анықтау мақсатында полиция қызметкерлері тұрақты негізде әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізеді.

- Мониторинг жүргізу кезінде әлеуметтік желілердегі парақшалардың бірінде заңсыз кәсіпкерлік қызмет фактісі анықталды, - деді облыстық полиция департаментінде. - Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Павлодар қаласының 23 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Заң бұзушы тұрғыннан 25 ампула новокаин, 25 ампула «цеф 3», 11 қаптама «зитмакс» 1 дана (таблетка) левозин және 15 ампула лидокоин тәркіленді. Осы факті бойынша елдің заңнамасына сәйкес құқықтық баға берілетін болады.

Басқа жағдайда Павлодар ауданы ауылдарының бірінде алтыншы шілдеде сағат 18.00-де рейдтік іс-шаралар жүргізу кезінде Павлодар ауданының криминалдық полиция бөлімі мен жергілікті полиция қызметі қызметкерлерімен дүкенде дәрі-дәрмектерді сату фактісі анықталған.

- 42 жастағы ауыл тұрғыны азық-түліктен басқа, осы қызметке лицензиясы жоқ дәрілік препараттарды да өткізген, - деді департаментте. - ҚР ӘҚБК 424-бабы 1-бөлімі бойынша (заңсыз медициналық немесе фармацевтикалық қызмет) дүкеннің иесін әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін материал жиналып, денсаулық сақтау органдарына жіберілді. Алынған дәрілік препараттар пациенттерді емдеуде одан әрі пайдалану мақсатында тиісті органдарға берілетін болады.

Соңғы жаңалықтар