+7 (701) 759 90 19
USD 421.91 EUR 511.57
RUB 5.59 CNY 65.2
Jańalyqtar

Павлодарда екі аптада 849 адам коронавирус жұқтырды

2021 жылғы 14 қаңтар 00:15
Бөлісіңіз:
Павлодарда екі аптада 849 адам коронавирус жұқтырды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Облыс әкімдігінде өңірдің ағымдағы эпидемиологиялық жағдайы талқыланды. Бұл жайында өңір әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны күн сайын өсуде– Нариман Табынбаев Вице-министр вакцина салынар алдында қандай тексерулер болатындығын айтты Өткен тәулікте Ақтөбеде 6 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейітқазиновтың хабарлауынша, 2021 жылдың басынан бері Павлодар облысында коронавирус инфекциясының 849 жағдайы тіркелді.

Орта есеппен науқастардың күн сайынғы өсімі - 0,8%. Инфекциялық төсек-орын жүктемесі – 34,3%.

- Өңірде 169 мобильді бригада жұмыс істейді, қаңтардың бірінші онкүндігінде олар 3283 шақыруға қызмет көрсетті. Оның ішінде ЖРВИ – 65,9%, пневмония – 2,8%, коронавирус – 25,3%, басқа шақырулар - 6%. Біз диспансерлік есепте тұрған пациенттерді ерекше бақылауға алдық, бұл - 130 мыңнан астам адам, - деп хабарлады Айдар Сейітқазинов.

Сұлтанов атындағы облыстық клиникалық аурухана базасында КВИ-ге қарсы вакцинаның 8000 дозасы сыятын мұздатқыштар дайындалды.

Сонымен қатар өңірдің басқа да медициналық ұйымдарында 22 арнайы тоңазытқыш орнатылады.

Вакцинаның алғашқы партиясы өңірге ақпан айының соңында келеді деп жоспарланып отыр.

Кездесуде санитарлық дәрігерлердің талаптарын сақтауды бақылайтын мониторингтік топтардың жұмысы да талқыланды.

2021 жылдың алғашқы 13 күнінде мамандар 2389 нысан бойынша 235 рейд жүргізді, олардың үшеуінде талапты бұзу фактісі анықталды.

Өңір басшысы мониторингтік топтардың жұмысына талдау жасап, оларды эпидемиялық ошақтың пайда болу қаупі бар жерлерге бағыттауды талап етті.

- Мониторинг топтарының тиімділігі өте төмен. Бір жарым ай бұрын олардың санын көбейту туралы шешім қабылданған кезде бұл сапаға зиянын тигізбеуі керек деп бірден келіскен болатынбыз. Шектеу шараларын жеңілдету барлық нысандарда, соның ішінде жеке нысандарда эпидемиологиялық режимді толық сақтау шартымен жасалғанын есте ұстаған жөн, - деді өңір басшысы.

Павлодар облысында үшінші оқу тоқсанының қалай басталғаны туралы білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы айтып берді.

Оқушылар саны 300-ге дейінгі 230 мектепте жұмыс дәстүрлі форматта басталды. 300-ден астам тәрбиеленуші бар тағы 126 оқу орнында оқыту қашықтан өтеді.

Бұл мектептердің төменгі сынып оқушылары үшін 2357 кезекші сынып жұмыс істейді. 11 сынып оқушылары үшін аралас оқыту қарастырылған: негізгі және қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ға шығарылатын пәндердің 70% дәстүрлі форматта, ал 30% қашықтан оқытылады.

Әбілқайыр Сқақов білім басқармасына балалар мен педагогтар арасында жұқтырудың алдын алу бойынша жұмыс істеуді тапсырды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT