Павлодарда екі ломбардтың өңірлік директорлары қамауға алынды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – «Гарант 24» ЖШС мен «ESTATE Ломбард» ЖШС-ға қатысты аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Павлодар облыстық полиция департаментінің тергеу басқармасы ҚР ҚК 190-бабы «Аса ірі көлемде алаяқтық жасау» бойынша «Гарант 24» ЖШС, «ESTATE Ломбард» ЖШС-ға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады», - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаменті.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы тергеу тобы құрылған. Қазір тергеу шаралары жүріп жатыр.

«Гарант 24» ЖШС мен «ESTATE Ломбард» ЖШС Павлодар облыстық директорлары уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды», - деді департаменттен.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбады.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін Алматыда, Таразда, Өскеменде, Оралда және басқа да бірнеше қалада «Гарант 24» және «Estate» ломбардтарының директорлары ұсталғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар