+7 (701) 759 90 19
USD 429.76 EUR 518.16
RUB 5.64 CNY 66.15
Jańalyqtar

Павлодарда Естайға ескерткіш орнатылады

2021 жылғы 3 наурыз 16:02
Бөлісіңіз:
Павлодарда Естайға ескерткіш орнатылады

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Наурыз мерекесінің қарсаңында жастардың жұмыспен қамтылуы мен әлеуметтік мәселелерге ерекше назар аударылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Павлодарда көліктің аударылған сәті видеоға түсіп қалды Өзбекәлі Жәнібековтен қалған істі жалғастыру біздің буынға бұйырыпты - Нұрболат Ахметжанов Қазақстан мен Испания мамандары бірігіп фильм түсіріп жатыр

«Жастардың жұмыспен қамтылуы мен әлеуметтік мәселелерге ерекше назар аударылатын болады. «Uzdik Maman» байқауы, жұмыс істейтін жастар арасында сайыстар, техникалық колледждер базасында WorldSkills өңірлік чемпионат ұйымдастырылады. «Мерейлі отбасы», «Тәуелсіздік құрдастары» және «Ertis Daryny» байқаулары өтеді. Бұдан басқа, білім беру және зерттеушілік жобаларда табыстарға жетуге тырысып жүрген талантты жастарымызды ілгерілету бойынша шаралар ұйымдастырылады», - деді Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы Азамат Байтенов.

Оның айтуынша, жалпыұлттық «Мерейлі істер марафонында» жыл ішінде Павлодар облысының ірі өнеркәсіп кәсіпорындары, бизнес, үкіметтік емес, соның ішінде жастар мен еріктілер ұйымдарының қатысушылары қатысады.

«Мерейтойлық күнтізбеге Жамбыл Жабаевтың 175-жылдығы, Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150-жылдығы, Әлихан Бөкейхановтың 155-жылдығы, Ыбырай Алтынсариннің 180-жылдығы, Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығы және Семей ядролық полигонының жабылғанына 30 жыл толуына орайластырылған шаралар да кірді»,- деп атап өтті А.Байтенов.

21 наурызда Павлодарда Ертіс маңының тумасы, ақын, әнші және композитор Естай Беркімбаев ескерткішінің ашылуы өтеді. Бұл күні Павлодардың Естай атындағы Мәдениет сарайы мен «Шаңырақ» орталығында, өңірдің басқа қалалары мен аудандарында өскелең ұрпақ арасында домбыра тартуды әспеттеуге арналған дәстүрлі ән орталықтары ашылады, деп хабарлады Павлодар әкімінің баспасөз қызметінен.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT