Павлодарда кальян шеккен қыздар ұсталды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Өткен демалыс күндері Солтүстік полиция бөлімінің ювеналды полиция қызметкерлері жұмыс режимін бұзған 5 мекемені анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

- Бұл жерлерде келушілерге заңсыз кальян пайдалануды ұсынған. Мысалы, Академик Шөкин көшесіндегі барлардың бірінде қыздар оларды полиция бақылап отырғанын сезбей, кальян шегіп отырған. Сондықтан кальян қоспасын қолданғаны үшін жастар ҚР ӘҚБК 441-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, полиция бұл құқық бұзушылық үшін олардың әрқайсысына 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады, - дейді Солтүстік полиция бөлімінің бастығы Бекзада Бөлежанов.

Бұдан басқа, бар әкімшісіне қатысты ҚР ӘҚБК 441-бабының 3-бөлігі бойынша хаттама толтырылды. Бұл 25-тен 60 АЕК-ке дейін айыппұл салуға әкеп соғады.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік Кодексіне сәйкес 2020 жылдың шілдесінен бастап елімізде қоғамдық орындарда - дәмханаларда, мейрамханаларда, барларда, клубтарда және көшеде кальян шегуге толық тыйым салынғанын еске салады.
Соңғы жаңалықтар