Павлодарда киіз басу өнерін игерген оқушылардың көрмесі өтті

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодарда Балалар көркемсурет мектебі «Жанданған петроглифтер» жобасы аясында оқушылардың сәндік жұмыстарынан көрме ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде қолға алынған.

Қалалық білім беру бөлімінің мәліметі бойынша, экспозицияда «Дымқыл киіз басу», «Құрғақ киіз басу», «Аралас киіз басу», «Жүнді акварель» техникасымен жүннен орындалған жұмыстар бар.

Жарты жыл бойы мектеп ұстаздары Инна Масленникова, Наталия Решетова, Алтын Кисамеденова балаларды киіз басу шеберлігінің түрлі тәсіліне үйреткен.

- Жалпы, жүннен киіз басу – ежелгі дәуірден бастап ата-бабамыздың ең көне қолөнер түрі. Адамдар шамамен жүннің жабағылану қасиетін 8000 жыл бұрын анықтады. Бұл қой өсірумен айналысқан Орта Азия, Ресей халықтарының дәстүріне тән. Ежелде Ной өз кемесінде қойларды тасымалдаған кезде өте тар бөлмеде болған және бір орында тапталып тұрғандықтын жүндері түскен, қойларды сыртқа шығарғанда сол жерде кілем төселіп жатқан деген аңыз бар. Қазақтар жүннен өмірге қажетті көптеген заттар - бас киім, киім, зергерлік әшекей, киіз үй, кілем жасаған», - дейді Инна Масленникова.

Өнімдерді жасау үшін сабын-сілтілі ерітінді, міндетті түрде табиғи жүн қажет. Тегіс бұйымдар мен кілемдер үшін дымқыл киіз, ал әшекейлер үшін аралас киіз қолданылады, өйткені жүн түрлі-түсті, әдемі болып шығады.

«Қазіргі уақытта жүннен жасалған акварель, аралас киіз сияқты қазіргі заманғы ою-өрнектің көптеген түрі бар болғандықтан, біз балалармен бірге әртүрлі ою-өрнектерді зерттеп, жұмыс жасадық, тіпті киізді де, әшекейлеу үшін шашақтар мен түрлі-түсті жіптерді де қолдандық. Мысалы, Римма Кайдарова киізден «Дала сарындары» панносын, Александра Швец «Жартасқа салынған өрнектер», ал Ясмин Искакова «Ежелгі жазулар» жұмыстарын «Жүнді акварель» техникасында орындаған», - дейді Наталия Решетова.


Соңғы жаңалықтар