Павлодарда көлік қаққан әйел ауруханада көз жұмды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан екі әйелді көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталмыш фактіге қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалып, тексеру жүргізілуде.

- 10 қараша күні сағат 19.20-да Ак. Сәтбаев – Маяковский көшелерінің қиылысында 28 жастағы «BMW X5» автокөлігінің жүргізушісі екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Олар жолдың реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан, - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Өкінішке орай, олардың бірі есін жимастан қайтыс болды.
Куәландыруға сәйкес, жүргізуші сау болған. Автокөлік айып тұрағына қойылды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, көлік қаққан 1957 жылғы әйел адам жедел жәрдеммен жеткізілген.
«Сот- медициналық сараптама тағайындалды. Тексеру жүргізілуде», деп атап өтті полиция департаментінен.


Соңғы жаңалықтар