Павлодарда коронавирус туралы жалған хабар таратқан ауыл тұрғыны 106 мың теңге төлейді

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – 55 жастағы Ертіс тұрғыны екі ауыл тұрғынының ауру жұқтырғаны туралы мәтін мен аудиохабарлама таратқаны үшін жазаланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Полиция қызметкерлері WhatsApp арқылы Ертіс ауылының екі тұрғынының коронавирус инфекциясын жұқтырғаны туралы аудиохабарлама таратты деген күдікпен 55 жастағы әйелді анықтады. Расталмаған ақпаратты жергілікті тұрғындар бір-біріне таратқан», - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Тәртіп сақшылары қысқа уақыт ішінде жалған ақпарат таратқан әйелді анықтап, ұстады. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 478-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.

«Ертіс ауданы сотының шешімімен ауыл тұрғынына 40 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әкімшілік айыппұл салынды», - деп атап өтті ведомствода.

Еске салайық, 1 АЕК - 2 651 теңгеге тең.


Соңғы жаңалықтар