Павлодарда қылмыстық топ мемлекетке 1 млрд теңге залал келтірген

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында қылмыстық топ мемлекетке 1 млрд теңге залал келтірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті «SТОР-ОБНАЛ» жедел шарасы шеңберінде нақты жұмыстарды орындамай, қызмет көрсетпей және тауарларды жөнелтпей жалған шот-фактура жазып беру фактісін анықтады.
Павлодар облысында 2018-2019 жылдар аралығында бір топ тұлға «өзара есеп айырысу» туралы жалған бухгалтерлік құжаттарды жазып берумен айналысқан.
Осылайша, ұйымдасқан қылмыстық топ контрагент-кәсіпорындарға салық төлеуден жалтаруға көмектесіп, нәтижесінде мемлекетке 1 млрд. теңгеге жуық шығын келтірілді.
Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі басталды.
Оның шеңберінде айыпталушылардың басқа қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатысты бар-жоғы тексеріліп жатыр.
- Көкшетауда өзіне қол салмақ болған 2 бойжеткен құтқарылды
- Қаржылық мониторинг агенттігі көлеңкелі экономика деңгейін төмендету қадамдарын айқындады
- Өскеменде көпқабатты жаңа үйдің сыртқы қаптамасы опырылып түскен
- Түркістан облысында үш бірдей көлікті соққан жүргізуші қамауға алынды
-
Жоғалған 15 жасар қыз екі күннен кейін табылды -Түркістан облысы
-
ШҚО-да дала өртінің 46 пайызы тұрғындардың абайсыздығынан шығады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам