Павлодарда өрт сөндіру көлігі мектеп автобусымен соқтығысты: 6 бала зардап шекті

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодарда өрт сөндіру көлігі мектеп автобусымен соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сай, бүгін сағат 14:15-те Елгин мен Щедрин көшелерінің қиылысында «КамАЗ» маркалы өрт сөндіру көлігі «ПАЗ-32053-70» мектеп автобусымен соқтығысқан. Автобус инерциямен тұрақта тұрған «Volkswagen « жеңіл автокөлігіне соғылған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелеттік жасқа толмаған 6 бала медициналық көмекке жүгінді.

« Тексеріс жүріп жатыр. Сараптамалар тағайындалды «, - делінген полиция хабарламасында.

Облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, шақырту туралы хабар сағат 14:19-да түсті. Екі жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына 7 минутта жеткен.

Зардап шеккен барлық бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.



Соңғы жаңалықтар