Павлодарда пара алды деген күдікпен ҚТЖ филиалының басшысы ұсталды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жұмыстағы «қамқорлығы» үшін заңсыз сыйақыны жүйелі түрде алды деген күдікпен «ҚТЖ ҰК» АҚ Павлодар облысы бойынша филиалының басшысын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол өзінің орынбасарымен бірге 4 жыл ішінде қарамағындағы 100-ден астам қызметкерлерден ай сайын 8-ден 10 мың теңгеге дейін заңсыз алып отырғаны анықталды.

Тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚПК-тің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.


Соңғы жаңалықтар