Павлодарда ток соғып көз жұмған ер адамның денесі табылды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат. - Павлодарда мәйіті табылған ер адам шамамен 30-35 жаста, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

« 5 қараша күні, сағат 16.40-та трансформаторлық қосалқы стансаның жанындағы ЖШС-нің біреуіне баратын автожолдың маңынан 30-35 жастағы сырт келбеті еуропалыққа ұқсайтын ер адамның мәйіті табылды», - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Марқұмның кім екені анықталып жатыр.

«Өлімнің алдын ала себебі – электр тогы соққан. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Тиісті сараптама тағайындалды», - деді водомстводан.

Соңғы жаңалықтар