Павлодарда трамвай мен КамАЗ соқтығысты

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодарда полиция трамвай мен КамАЗ соқтығысына кінәлі адамды іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«13 қараша күні сағат таңғы 08.58-де Назарбаев даңғылы мен Торайғыров көшесінің қиылысында трамвай мен »КамАЗ« автокөлігі соқтығысып қалды. Кінәлі адамды анықтау бойынша тексеру жүріп жатыр», - деді Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиғадан ешкім зардап шекпеген.

Фото: pavlodarnews.kz

Соңғы жаңалықтар