11:55, 11 Қазан 2021 | GMT +6
Павлодарда жасөспірім бала өлі күйінде табылды
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодарда 17 жастағы ер бала өлі күйінде табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Кәмелетке толмаған 2004 жылы туған баланың денесі 9 қазан күні Шөкин көшесі, 100 мекенжайында табылған.
«Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 105-бабы бойынша («Өзін-өзі өлтіруге жеткізу») сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды», - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінде.