Павлодарда жастарды жұмыспен қамту мәселесі талқыланды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Бүгін Павлодардағы Жастар бастамаларын дамыту орталығында өңірдің жұмысшы жастары, өнеркәсіп қызметкерлері, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Торайғыров университетінің ректоры Мейрам Бегентаев, «Nur Otan» партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Қамалова «Жастардың еңбекке әлеуметтенуі» тақырыбында өз ойларымен, тәжірибесімен бөлісті. Дөңгелек үстелдің модераторы - «Jas Otan» ЖҚ төрағасы Ғабит Хафиз.


Жалпы, Павлодар облысында 160 мыңнан астам жас бар, 1400-ге жуығы жұмыссыздар санатына енеді. Жұмыссыз жастар санын азайту, жастарға өз орнын тауып, қабілеттіліктерін арттыру, еңбекке әлеуметтендіру мақсатында аталған шара ұйымдастырылды.

«Аймағымызда жастарды жұмыспен қамту мақсатында көптеген мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асуда. Атап айтсам, «Еңбек», «Бастау» және де басқа бағдаламар аясында жастар білім алып, өз кәсіпкерлік әлеуттерін жетілдіріп, жеке кәсіптерін ашуда. Жалпы, көп нәрсе бастамашыл жастарға байланысты», - деді жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Қамалова.


Ал, Торайғыров университетінің ректоры Мейрам Бегентаев бүгінгі жастардың бірнеше бағытта қызмет атақара алатын ерекше атап өтті. Мәселен, «Жасыл ел» еңбек жасақтарында қызмет етіп, сол жерде тәжірбие ала алады, бұдан бөлек жоғарғы оқу орын қабырғасында білім алып жүріп, қызмет атқара алады. Мүмкіндіктер бар, тек сол мүмкінді бағалай білу және қолдана білу керек деді. Сондай-ақ, Мейрам Бегентаев жастарға қызмет көрсеті орталығын, керісінше жастармен қызмет көрсету орталығы деп өзгертуді ұсынды


«Біз өз тарапымыздан өзіміздің тәжірбиемізбен бөлісе отырып, жастардың қателіктер жібермеуіне ықпал етуіміз керек», - деді «Nur Otan» партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко.


Жастар жұмыс орындарында жас мамандарға бейімделуге көмектесу керек екендігін алға тартты. Жоғарғы оқу орнында алған білімді дұрыс қолдана білу үшін, алдынғы буын бағыт-бағдар бере отырса деген өтініш айтылды.


Соңғы жаңалықтар