Павлодардағы жол апаты: 3 оқушы ауруханада жатыр

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодарда өрт сөндіру көлігі мен мектеп автобусы соқтығысқан жол апатына білім басқармасы түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Куәгерлердің айтуынша, автобус жүргізушісі жол ережесін бұзбай, бағдаршамның жасыл түсінде қозғалған. Өрт сөндіру машинасы арнайы дыбыстық сигналын қоспастан бағдаршамның қызыл түсіне өткен», - деп мәлімдеді Павлодар облыстық білім басқармасынан.
Білім басқармасының мәліметінше, апат болған кезде автобуста 15 оқушы: №2 мектептің 10 оқушысы, №43 мектептің 5 оқушысы болған. 8 оқушы облыстық балалар ауруханасына медициналық тексеру үшін жеткізілген.
«Автобуста отырған балаларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Олардың денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ. 3 бала ауруханға жатқызылды, қалғаны үйлерінде», - деді басқармадан.
Еске салайық, бүгін сағат 14:15-те Елгин мен Щедрин көшелерінің қиылысында «КамАЗ» маркалы өрт сөндіру көлігі «ПАЗ-32053-70» мектеп автобусымен соқтығысқан. Автобус тұрақта тұрған «Volkswagen» жеңіл автокөлігіне соғылған. Кейінірек ТЖД Елгин көшесі бойымен келе жатқан автоцистернаның көк немесе қызыл түсті жарқылдауық маягын және арнайы дыбыс сигналын іске қосқанын атап өтті. Өрт сөндіру көлігі бағдаршамның қызыл түсі жанғанда жүріп келе жатқан. Щедрин көшесіндегі ПАЗ автобусы оған жол берместен қозғалысын жалғастырып, өрт сөндіру көлігін соққан.


Соңғы жаңалықтар