Павлодарлық оқушылар Абай өлеңдерін 9 тілде жатқа оқыды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Облыс орталағындағы №20 мектеп-лицейінде «Абайды үш тілде оқимыз» атты акция өткізілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген іс-шараның ұйымдастырылуына Еуразиялық Инновациялық университеті атсалысты.

Қалалық білім беру бөлімі хабарлағандай, акцияға 100-ден астам педагог, мектеп оқушылары, университет оқытушылары мен студенттері, білім бөлімінің өкілдері қатысты. - Зерттеу бөлімінде 8-11 сынып оқушыларының ғылыми жұмыстары қорғалды, - деп хабарлайды білім беру бөлімі өкілдері. – Балалар Абай өмірі мен шығармашылығы саласындағы ғылыми зерттеулерді ғалымдар назарына ұсынды. «Абай – дана, Абай – дара қазақта» онлайн олимпиадасына 8-11 сынып оқушылары қатысты. Олимпиаданың сұрақтары мен тапсырмалары үш тілде: мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылды. Қатысушылар 60 минут ішінде сұрақтарға шешім іздестірді.

Әдеби бөлімінде «Абайды үш тілде оқимыз» атты байқау өткізілді. Оқушылар Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге», «Қараңғы түнде тау қалқып», «Қыс», «Сенбе жұртқа», «Жалау», «Жазғытұрым» өлеңдерін қазақ, орыс, ағылшын, неміс, корей, араб, португал, украин, татар тілдерінде жатқа оқыды.


«Ашық микрофон» қорытынды бөлімінде пікір алмасып, қатысушыларды марапаттау болды. Актерлер, ғалымдар, қоғам қайраткерлері лицей оқушыларының интеллектуалдық қабілеттеріне жоғары баға беріп, Абайдың шығармашылығын терең білетіндігін атап өтті.
Соңғы жаңалықтар