Павлодарлық жасөспірім хоккей матчында айдынға бәтеңкесін лақтырып жіберді

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат –16 жастағы павлодарлық шайбалы хоккейден «Ertis» пен «Astana» клубтары арасында өтіп жатқан матч кезінде айдынға бәтеңкесін лақтырып жіберді. Ата-анасы жауапқа тартылды. ҚазАқпарат бұл туралы Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мәліметке сәйкес, жеткіншек жасаған әрекеті үшін ҚР Әкімшілік кодексінің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. Енді ата-анасы 5 АЕК көлемінде айыппұл төлеуі тиіс.

Бұдан бөлек, айдын иелері - «Ertis» хоккей клубы да қомақты айыппұл төледі. «Трибуналардағы тәртіптің сақталуына дұрыс бақылау жүргізілмегені үшін атап айтқанда, мұз айдынына бөгде заттардың лақтырылуына байланысты «Ertis» хоккей клубына 350 мың теңге көлемінде айыппұл салынды», - делінген ақпаратта.

Полицейлер жыл басынан бері әртүрлі пранктер үшін 2 азаматты әкімшілік жауапқа тартқан.

Соңғы жаңалықтар