Пайдасыз шаралар болмауы тиіс - Руслан Дәленов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шығыстарды қысқартуға қатысты тапсырмасына орай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Пайдасыз шаралар болмауы тиіс. Биыл түгендеу жүргізілді. Осы жылы шығыстар 30 млрд теңгеге қысқарды. Қазір мұндай түгендеуді тағы бір өткізу тапсырмасы бар. Өйткені, оңай бас тартуға болатын қандай да бір шығыстар болуы ықтимал. Мұндай түгендеуді жүргіземіз. Бүгін Үкімет отырысында осындай тапсыра берілді. Бір апта ішінде шығыстарды қысқарту бойынша ұсыныс беру қажет», - деді министр Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихаты барысында.


Соңғы жаңалықтар