Педофилияның алдын алу үшін бақылау камераларын орнаттық - Маңғыстау облысы әкімі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Педофилдерді анықтау үшін қалаға бақылау камералары орнатылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Педофилизм мәселесіне тоқталайын. Шынында, бұл - күрделі мәселе. Бұл жөнінде тиісті құқық қорғау органдары жұмыс жүргізіп жатыр», - дейді Серікбай Трұмов.

Оның айтуынша, қалаға мемлекеттік жекеменшік әріптестік арқылы 600 бақылау камералары орнатылған.

«Бұл да осындай қылмыстардың алдын алуға мүмкіндік береді деген үміттемін. Соңғы фактіге байланысты айтар болсам, бейнекамераның арқасында осы жағдайдың болуына жол берілмеді. Бұл - біздің қоғам болып күресетін мәселе», - дейді ол.

Еске сала кетсек, Маңғыстау облысында 91 педофил есепте тұрғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар