Перзентхана қызметкерінің вакцинадан кейінгі өлімі: Сот-медициналық сараптама жүргізілуде

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирусқа қарсы вакцинадан қайтыс болған адам жоқ. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі таңда коронавирусқа қарсы вакцинадан қайтыс болған адам жоқ. Алматыда тұратын әріптесіміз туралы хабарды біз де тексердік. Ең алдымен министрлік атынан әріптесіміздің тума-туыстарына көңіл айтамыз. Екіншіден, ол вакцина алғаннан кейін 2 күннен соң үйінде құлап қалып, қайтыс болған. Сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. Алматы қаласында қазір үлкен комиссия құрылды. Мәйітті қараған кездегі алғашқы сараптамаға сәйкес, «жүректің ишемиялық ауруынан қайтыс болды» делінген диагноз бар. Ары қарай комиссия тексереді. Сондықтан қазір бұл өлім коронавирусқа қарсы вакцинаға байланысты деп айта алмаймыз», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның атап өтуінше, коронавриусқа қарсы вакцина салдырғаннан кейін жанама әсер болса, ол 30 минуттың ішінде байқалады.

«Ал бұл екі күн өткеннен кейін болған жағдай. Сондықтан жан-жақты тексеріліп, сараптама жасалуы тиіс», - деді Ажар Ғиният.

Айта кетейік, бұған дейін WhatsApp мессенджерінде №4 перзентхана қызметкері вакцинациядан кейін қайтыс болды деген видео тарап, оған Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов түсініктеме берген еді.



Соңғы жаңалықтар