Петропавл тұрғыны үйінен 1 мыңға жуық патрон тауып алды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавл тұрғыны үйдің қоймасын қопарып жүріп 1 мыңға жуық оқ-дәрі тауып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавл тұрғыны үйіндегі қоймасын ақтарып жүріп, мырыштан жасалған қорапты тауып алған. Қораптың ішінде 5,45*49 калибрлі 990 патрон болған. Ер адам бірден полицейлерге хабар берген.

Тұрғынның айтуынша, үйді ол 14 жыл бұрын сатып алған екен. Қоймасын жинап, ескі заттарды ақтаруға уақыты болмаған.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Патрондар алынып, сараптамаға жіберілді.

«Алынған заттар монтаждау немесе «құрылыстық» деп аталады. Осы патрондардың оқ-дәріге жатар-жатпасын сараптама көрсетеді. Петропавл тұрғыны дұрыс әрекет етті. Қаруды және оқ-дәрілерді ерікті тапсырған кезде заңсыз сақтағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатады», - дейді екінші полиция бөлімі бастығының орынбасары Гүлмира Сағитова.


Соңғы жаңалықтар